USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Жыл басынан бері елімізде 51, 6 млрд теңгенің көлігі шығарылды

2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша елімізде 8332 бірлік автокөлік шығарылды. Ол 51,6 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Отандық автокөлік саласы жұмысының қорытындысы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында «ҚазАвтоПром» автокөлік саласы кәсіпорындарының одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы Олег Алферов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша республикада 51,6 млрд теңгеге 8332 бірлік автокөлік құралы шығарылды. 2016 жылдың қыркүйегінде отандық зауыттар 9,6 млрд теңгеге (жүк және автобус техникасымен қоса) 1019 автокөлік құрастырды», - дейді ол.

Сонымен қатар, Олег Алферов автокөлік нарығында проблемалар бар екендігін атап өтті. Бірақ соған қарамастан өндірісте өсім тіркелген.

«Қыркүйек айының қорытындысы бойынша жеңіл техника өндірісі 853 бірлікті құрады. Бұл 2015 жылдағы сәйкес кезеңнен салыстырғанда 68,2%-ға артық. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша елімізде жүк көліктері өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,1%-ға өсіп, 1201 бірлікті құрады»,- деп толықтырды басқарма төрағасы.

Ал автобус өндірісі 30,4%-ға, 103 бірлікке дейін қысқарған.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады