BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Ұлттық экономика министрлігі қант тапшылығы туралы қауесетке байланысты мәлімдеме жасады

Фото: zavarnik.biz

Жақында жаңалық сайттарында «Raimbek» компаниясы өкілдерінің Қазақстан нарығында қант тапшылығы болуы мүмкін екені туралы мәлімдемесі жарияланды. Ұлттық экономика министрлігі осыған байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылық министрілігінің мәліметінше, елімізде жыл басынан бері 138 мың тонна қант өндіріліп, 121 мың тонна және импортталды. Облыстық және Алматы мен Астана қалалары әкімдіктерінің мәліметінше, қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында қант қоры жеткілікті. Сондай-ақ, қазірде 2018 жылдың астығы жиналуда, бұл шикізаттың көбеюіне ықпал етеді. Сол себепті қант тапшылығы мен оның қымбаттауы туралы айтуға негіз жоқ.

Сонымен бірге, Қазақстан қант пен шикізат өнімін импорттауға тыйым салған жоқ. 2010 жылы Кедендік одақ құрылғаннан бастап үшінші елдерден импортталатын ақ қантқа қатысты тоннасына 340 доллар көлемінде Бірыңғай кедендік тариф қолданылады. Бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің бәріне қатысты. Одаққа мүше елдер арасындағы өзара сауда шеңберінде қант айналымы бажсыз импортталады.

Қазақстандағы бірқатар қант өндірушілер, соның ішінде "Raimbek" компаниясы 2010 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде үшінші елдерден қант пен шикізат өндірісін бажсыз әкелуге уақытша артықшылық алды. Биыл 27 шілдеде шыққан үкіметтің қаулысымен Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтағы ұлттық міндеттемелерді орындау аясында аталған артықшылықтар алынып тасталды.

Ауыл шаруашылық министрілігің ұстанымы отандық ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерді қолдауға, сондай-ақ елдің ішкі нарығының импортқа тәуелділігін азайтуға негізделген. Осыған байланысты 2018 жылдың 27 шілде күні қазақстандық кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына сәйкес ақ қантты импорттаған кезде 1 тоннасы үшін 340 доллар баж салығын төлеуге міндетті.

Қазақстан Республикасында кондитерлік өнім шығаратын 15 кәсіпорын (тез бұзылатын өнімдерді (тәттікүлше, тәтті нан) қоспағанда) мен алкогольсіз сусын өндіретін 41 кәсіпорын бар екенін айта кеткен жөн. Олардың ішінде бесеуі ғана арнайы экономикалық аймақ аясында және бос қоймалардың иелері ретінде жеңілдіктерге ие болды. Жеңілдіктердің жойылуы кондитерлік өнімдер мен алкогольсіз сусын өнідетін кәсіпорындар үшін тең жағдайды қалпына келтіреді.

Министрлік қант тасымалдауға қатысты жеңілдіктің алынып тасталуы - оның тапшылығы мен бағасының қымбаттауына еш әсер етпейтінін айтады. Бұл мәселе барлық мемлекеттік және жергілікті орталық органдардың бақылауында.

Анықтама үшін:

Қанттың жалпы өндіріс 2017 жылы 316 386 тонна (2016 жылы 402 965 тонна, 2015 жылы 239 926 тонна), экспорт үлесі 37 мың тонна (11,7%, Өзбекстан, Тәжікстан). Импорт үлесі – 183 мың тонна (Ресей, Беларусь, Польша).

Өндірушілердің жалпы саны – 32 (28 шағын, 4 ірі кәсіпорын). Олардың басым бөлігі оңтүстік өңірлерде орналасқан.

Ауыл шаруашылық министрлігі дайындаған 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіпті кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында отандық өнімдердің бәсекеге қабілетін арттыру мақсатында қант зауыттары мен кондитерлік фабрикаларды мемлекеттік қолдау шаралары қолданылуда. Ол өндірісті жаңғырту мақсатында салынған инвестицияның белгілі бір бөлігін (30%) мемлекет тарапынан қайтару негізінде іске асады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қайта өңдеуге өткізген қант қызылшасының әр тоннасын субсидиялау арқылы қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамту шаралары қолға алынуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер