Теміржолмен жыл соңына дейін 106,5 млн тонна көмір тасымалданады - Қазақстан экономикасы|10 Тамыз 2018, 22:09
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Теміржолмен жыл соңына дейін 106,5 млн тонна көмір тасымалданады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ірі көмір кендері өкілдерінің қатысуымен жылу беру маусымында көмірді тоқтаусыз тасымалдау туралы кеңес өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы жеті айда «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілерінде 56 миллион тонна жүк тиелді. Оның 4,5 миллион тоннасы коммунальдық –тұрмыстық мақсатқа бағытталған. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% жоғары.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Мұқтар Жамбыловтың хабарлауынша, жыл аяғына дейін 106,5 миллион тонна көмір тасымалданбақ.

«Оның 71,9 миллион тоннасы тұтынушыларға бағытталса, 34,6 миллион тоннасы экспортқа жіберіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 % жоғары», - деді ол.

Биылғы жеті айда көмір кендерінің кіре берістерінде вагон айналымының орташа нормасы 11,7 сағат болса, іс жүзінде 24,2 сағатқа созылды. Осылайша, жыл басынан бері вагон айналымы нормасы орындалмауы салдарынан 70 мыңнан астам вагон жүк тиеу ресурсы жоғалғандығы белгілі болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер