BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Сүлейменов Қазақстанның қай аймақтарына аз инвестиция тартылатынын айтты

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еліміздің қай өңірлеріне аз инвестиция құйылатынын атап көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысының мәліметі бойынша, инвестиция бойынша негативті мәні Павлодар облысында 8,1%-дан 36,7%-ға дейін артты, ал Маңғыстау облысында 11,4% -дан 23,5%-ға дейін, Астанада 2,6%-дан 6,4%-ға дейін өсті.

«Ауыл шаруашлығы бойынша аймақтар оң тенденцияны сақтап қала білді. Алайда жеті аймақ республикалық деңгейден төмен көрсеткіш көрсетті. Ал, құрылыс бойынша негативті мәні бар аймақтар саны елімізде үшке дейін қысқарды. Өсім Батыс Қазақстан облысында байқалды, ол 1,2% көрсетті. Дегенмен теріс аймақта үш өңір қалып отыр. Сонымен қатар, аталған өңірлерде инвестициялық ахуал одан ары нашарлауда» - деп толықтырды министр.

Жалпы, Сүлейменовтың айтуынша, жыл басынан бері негізгі капиталға инвестиция көлемінің өсімі 29% құрады.

«Бұл Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және Теңіз кенорнын болашақта кеңейту жобасын жүзеге асыруға байланысты болып отыр. Осы ретте, қайта өңдеу саласына инвестиция ағымы 24,8%-ға артты», - деп түсіндірді ол.

Аймақтарға бөліп қарайтын болсақ инвестиция бойынша жағдай жан-жақты екенін байқауға болады. Екі облысты есептемегенде, елеміздің барлық өңірі өндіріс саласында өсім көрсетті. Алайда, өсім еліміздің сегіз өңірінде республикалық мәннен төмен - 0,1%-дан 4,6%-ға дейін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер