BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Соңғы 6 жылда отандық кәсіпорындардың өндіріс көлемі күрт өсті – зерттеу

2017 жылдың соңғы 9 айында 8,4%-ға артқан. Жылдық қорытындыға сәйкес, өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы өнім нәтижесі 6,2%-ға көбейеді деп күтілуде, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өнеркәсіптің әр саласында жалпы ішкі өнім 27,3%-ға дейін көбейген. Қазақстанның жалпы ұлттық өнімінің нәтижесі бойынша өнеркәсіптік салалардың даму үдерісі қарқынды екенін аңғаруға болады. 2016 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылдың соңғы 9 айында 8,4% артық өнім өндірілген. Ал елдің жалпы экономикасы 4,3% көлемінде артқан.

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы өндірілген өнімнің өзіндік құны 9,3 трлн теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,7%-ға көбейген.

Ұлттық экономикаға өнеркәсіптің тигізер әсері мол. Өткен жылы мемлекеттің жалпы ішкі өнімі - 26,3% болса, биыл өнеркәсіптік кәсіпорындар мемлекеттің жалпы ішкі өнімін - 27,3%-ға көбейткен. 2012 жылдан бері жалпы ішкі өнімде өнеркәсіптің даму көрсеткіші едәуір азайған болатын, 5 жыл ішінде 31%-ден 26%-ға құлдыраған еді.

Ел экономикасының қарқынды дамуы үкіметтің өнеркәсіптік жоспарына сәйкес жүзеге асуда. 2017 жылдың 17 қыркүйегінде үкімет отырысында Қазақстанның 2017-2021 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы жопсарланған болатын. Сол жоспар бойынша 2017 жылы мемлекеттің жалпы ішкі өнімі 3,4%-ға өсуі тиіс. Сонымен қатар өнеркәсіпте өнім көлемі - 6,2%, тау-кен ісінде - 8,2%, қайта өңдеу өндірісінде - 4,5%-ға артуы тиіс.

Бизнес жүргізу талабының артқанын өндіріс секторының өкілдері де мәлімдеді. ІІІ кварталда 846 өндіріс орындарының арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей экономикалық конъюнктура өзінің жақсы қалпын сақтап қалған. 2017 жылдың ІІІ кварталында кәсіпкерлікке сенім индексі 9 %-ды құрады. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 6%-ға тең еді.

Сауалнамаға сәйкес респонденттердің 81%-ы өндірістің экономикалық жағдайын «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп бағалаған. 2017 жылы IІІ кварталдың табиғи және дайын өнімге сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 6%-дан 9%-ға артқан.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер