BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Солтүстік Қазақстанда көмірді дайындау қарқынын арттыру керек – Бозымбаев

Фото: karmetugol.pulscen.kz

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында көмірді дайындау қарқынын арттыру керектігін айтты. СҚО-да жоспардың 16 пайызы ғана орындалған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Солтүстік Қазақстан облысы мен Павлодар облысында көмірді дайындау қарқынын, ал Ақмола облысы мен Қарағанды облысында мазутты əзірлеу қарқынын арттыру қажет. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысы жоспарланған көмірдің 16 пайызын дайындаса, Павлодар облысы 51 пайызын əзірлеген. Ал мазут бойынша Ақмола облысы жоспардың 2 пайызын дайындаса, Қарағанды облысы жоспардың 9 пайызын əзірлеген», - деді Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Жылыту маусымына дайындық барысы туралы» брифингте.

Бұған дейін Энергетика министрі Бозымбаев Қазақстанда 8 айда шамамен 70 млн тонна көмір өндірілгенін айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер