BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Сандәйек. Қазақстан энергетикасы – бүгін

Вaq.kz тілшісі Қазақстанның энергетика саласына байланысты бүгінгі сандық деректерді ұсынады.

Осы жылдың бірінші жартысында 54,670 млрд КВт/сағ электр энергиясы өндірілді, оның 51 472 млрд КВт/сағ тұтынылды. Қазақстанға 2030 жылға қарай қазіргіге қосымша 6,6 ГВт электр энергиясы керек.

*
Қазақстан былтыр 3,073 млн тонна бензин (авиалықты қосқанда), 4,409 млн тонна дизель отынын, 3,365 млн тонна отын мазутын өндірді.

*
Қазір елде 65 жаңартылатын қуат көзі бар. Олар: 12 - жел, 19 - күн, 33 - су, 1 - биогаз электр стансалары.
Биылғы алғашқы алты айда олар 629,5 млн кВт⁄сағ электр энергиясын берді.

*
Қазақстанда жаңартылатын қуат көзінен энергия өндіретін 112 компания бар.

*
Жаңартылатын қуат көзінің Қазақстан энергетикасындағы үлесі әзірге небәрі - 0,5%.

*
Қазақстан аумағындағы желдің энергетикалық әлеуеті - жылына 1 трлн кВт/сағ.

*
Әлемде жыл сайын қуаты 30 ГВт күн аккумуляторлары қосылады. 2017 жылы күн энергиясы жабдықтарын орнатудан 7,6 ГВт көрсеткішпен Германия бірінші орынға шықты.

*
Орта Азиядағы ірі күн электр станцияларының бірі (100 МВт) Саран қаласында салынып жатыр. Қараша айында іске қосылады. Оның ауданы - 160 гектар. Осы аумақтың ішінде 370 мың фотовольт элементтері орналасқан. Оның жобалық қуаты - 145 млн кВт/сағ. Станция 340 млн доллар тұрады.

*
Қазақстан көмір қоры бойынша әлемдегі алғашқы ондыққа кіреді. Барланған көмір қоры шамамен 33 млрд тонна немесе бүкіл әлемдегі көмірдің - 4%.
27 жыл ішінде Қазақстан 2,3 млрд тонна көмір өндірген, оның 600 млн тоннасы экспортталған.

*
Жылу электр станциялары Қазақстандағы электр энергиясының 70% өндіреді.

*
2017 жылы Қазақстан 86,2 млн тонна мұнай өндіріп, өз тарихында рекорд орнатты. Оның маңызды болғаны сонша, 2017 жылғы ЖІӨ-нің 4% өсуіне тікелей әсер етті.

*
2017-2025 жылдар аралығында Қазақстан энергетикасына инвестиция көлемі 17,5 трлн теңгеден асатын болады. Оның 14,5 трлн теңгесі - жеке капитал.

*
Қазақстан биыл 23 190 тонна уран өндіруді жоспарлаған. Ол өткен жылға қарағанда 1,15% аз.

*
IAEA ("МАГАТЭ") болжамы бойынша 2030 жылға дейін әлем атом энергетикасын дамытуға 200 млрд доллар салады. Қазақстанда уран өндіретін 13 кәсіпорын бар, олар 21 кенішті өңдейді. Кеніштер Ақмола, Қызылорда, Түркістан облыстарының аймағында.

*
Атом электр станцияларын салуға алғашында 5 алаң қарастырылды. Олар - Ақтау, Балқаш қаласы (Үлкен кенті), Торғай, Семей ядролық полигоны, Шымкент қаласы.

*
Әлемде 2016 жылы 448 реактор болды және олар тек көбейіп жатыр. Қазақстанда жоспарлаған атом электр станциясын салу шамамен 5 млрд доллар тұрады.

*
2018-2019 күзгі-қысқы кезеңге Қазақстанда 8 энергоблок, 56 энергетикалық қазандық, 45 турбина профилактикалық және күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Қазір 4 энергоблок, 32 қазандық, 24 турбина жөнделіп болды.

*
Қазір электр станцияларының қоймаларында 3,3 млн тонна көмір, 78 мың тонна мазут жиналды.

*
Электр жеткізу желілерінің 24 мың км жөнделді. Жөндеуді қажет ететін әлі де желінің 15% қалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер