BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Павлодар облысы БАӘ-ге ет, Орта Азияға астық экспортын арттырды

Фото: автор

Павлодар облысының агроөнекәсіптік кешені экспорттық әлеуетін арттырып келеді. Биыл өткен кезеңге қарағанда өсім бар, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Өңірде орақ науқаны аяқталуға жақын. Күзгі жиын-терімді уақытында аяқтауға жауын-шашын кедергі болған. Мамандардың мәліметінше, осы жылы шаруалар 1050 мың гектар жерден астық пен көкніс жинап алуда. Егістік алқаптарының басым бөлігін дәнді-дақылдар, астық дақылдары және мал азығы құрайды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марлен Оспановтың мәліметінше, бүгінгі күні 663 мың гектар жерден дән сіңіріліп, бастырылып үлгерген.

«Астық дақылдарының жалпы өнімі 800 мың тоннаға жуық, ал шығымдылық гектарынан орташа есеппен 11,9 центнерді құрайды. Картоп жинау науқаны аяқталуға жақын. Әр гектарынан 291 тонна көкөніс алынуда», - дейді маман

Өңір шаруалары биыл шетелге тасымалданатын өнім көлемін арттырған.

«Елбасының 2022 жылға дейін ауалшаруашылық атуарларын экспорттау көлемін 2,5 есеге арттыруды тапсырған. Тапсырмаға орай осы жылы 204 мың ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталады. Былтырғы жылғы көрсеткіш біршама аз болатын. Тұтынушыларымыздың қатарында Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Ресей Федерациясы, Ауғанстан және өзге мемлекет бар. Шетелге жіберілетін өнімдердің басым бөлігі – дәнді-дақылдар. Картоп, ет, майлы тұқым да жоғары сұранысқа ие», - дейді Марлен Оспанов.

Күзгі жиын-терім жұмыстарына 2 мыңға жуық комбайн мен арнайы техника жұмылдырылды. Осы жылы шаруалар өз қаражаттарына 400-ге жуық техника бірлігін сатып алған. Алайда, облыста парктің 85%-ы тозып кеткен. Мәселені біртіндеп шешу мақсатында өңірлік бағдарлама қолға алынған. 2022 жылға дейінгі бағдарлама техниканы мемелкетті қолдаудың арқасында жаңартуды көздейді. Нәтижесінде көрсеткіш 45%-ға азаймақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер