BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Мемлекеттік органдарды Түркістанға көшіруге қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды

Қаржы министрі міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов Түркістан облысының мемлекеттік органдарын Шымкенттен Түркістан қаласына көшіруге бюджеттен қанша қаржы бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісте Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов депутаттарға 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырды.

Осы орайда басшы Түркістан облысының мемлекеттік органдарын Шымкенттен Түркістан қаласына көшіруге алдағы жылы бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінетінін айтты.

«Бюджет жобасы республикалық маңызы бар Шымкент қаласы мен Түркістан облысы деп бөлінген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-территориялық бөлінуіне шығыстарды бөлуді қарастырады. Шымкент қаласына қосымша 1,2 млрд теңге бөлу қарастырылған. Ал Түркістан облысының мемлекеттік органдарын Түркістан қаласына көшіру үшін 2,4 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Жалпы 2019 жылы республикалық бюджет есебі қаржысынан өңірлерге 2,6 трлн теңге бөлінеді. Бұл бюджет шығысының 24% құрайды», - деді Берік Шолпанқұлов отырыста.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер