BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қазан айындағы орташа күнкөріс деңгейі 28620 теңгені құрады

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың қазан айындағы халықтың күнкөріс денгейі өткен жылмен салыстырғанда 11,8 пайызға өскен. Бұл туралы Статистика комитеті мәлім етті.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қазанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,8%-ға жоғарылады.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығынның үлесі – 18,7%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқа – 14,6%, жемістер мен көкөністер – 12,7%, нан және жарма өнімдерін – 6,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,1%-ды құрады.

теңге
Орта есеппен
халықтың
жан басына
шаққанда
0-13 жастағы
балалар
14-17 жастағы
жасөспірімдер
18 жастан асқан,
еңбекке қабілетті халық
Зейнет-керлер
мен қарт адамдар
жас жігіттер қыздар ерлер әйелдер
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 28 620 25 237 35 692 27 349 33 600 26 656 26 496
Азық-түлік тауарлары 15 741 13 881 19 630 15 042 18 480 14 661 14 573
Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер 12 879 11 356 16 062 12 307 15 120 11 995 11 923


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер