BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қазақстанның өз «Кремний алқабы» болады – сарапшы

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Astana Hub СЕО-маманы Джозеф Циглер Қазақстанда экожүйені дамытуды көздейді. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында мәлімдеді.

«Біз мұнда экожүйені дамытатын боламыз және жас таланттармен жұмыс істейміз. Маған бұл жұмысты ұсынғанына қуаныштымын. Бұл жерге өте талантты адамдар көптеп жиналады. Олар бір-бірімен серіктестік орнатып, әрі қарай осы жүйені бірлесе дамытатын болады», - деді Циглер Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында.

Ол Қазақстанның өзіндік «Кремний алқабы» пайда болатынын айтты.

«Барлығы Американың Кремний алқабын көшіріп алғысы келеді. Бұл қате пікір. Біз өзіміздің қазақстандық Кремний алқабымызды құрғымыз келеді. Американың Кремний алқабының құрылғанына көп уақыт болды, сондай-ақ бірқатар кемшіліктері бар. Біз артықшылықтары бар жаңасын құрғымыз келеді. Инженер ретінде осы жерде жаңа технологиялар мен стартап жобалар құратынымызға сенемін», - деп сөзін түйіндеді ол.

Айта кетсек, бүгін Астанада «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы басталды. Бұл ауқымды шараға халықаралық ІТ-қоғамдастық өкілдері, технология саласындағы белгілі сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер мен өзге де елдердің мемлекеттік секторлары өкілдері, ғалымдар, кәсіпқой цифрлық әзірлеушілер, сонымен бірге венчурлық капиталистер мен инвесторлар қатысып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер