BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қазақстанға әлемдік 30 экономиканың қатарына кіру үшін ЖІӨ-нің 60% асатын инвестиция қажет – ДЖБ

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Арнайы зерттеу жүргізген Дүниежүзілік банк өкілдері Қазақстанда өнімділікті арттырудың жолдарымен бөлісті.

Зертеу нәтижесі бойынша, энергоресурстардың бағасы өсуінің, ішкі сұраныстың жылдам жоғарылауының және инвестиция ағынының артуы арқасында 2000 жылдары Қазақстанның экономикалық өсу қарқыны тамаша болған. Осы кезеңде кедейлік пен теңсіздік деңгейінің айтарлықтай қысқарғаны байқалды. Бірақ, 2008 жылғы жаһандық экономикалық дағдарыстың салдарынан Қазақстан экономикасының өсуі баяулап, 2000-2007 жылдардағы 10 пайыздан, 2008-2017 жылдары 4 пайызға дейін төмендеген.

«Соңғы жылдары Қазақстанда өнімділіктің өсуі біршама баяулады, оның салдары халық табысының өсуіне және олардың әл-ауқатына кері әсерін тигізеді. Осы мәнмәтінде елге жеке меншік секторын нығайтуға арналған ауқымды реформалар қажет. Бұл өз кезегінде әртараптандыруға және бәсекелестік қабілетті арттыруға, жалпы экономикалық өсуге алып келеді», - деді Дүниежүзілік банктің Орта Азиядағы аймақтық кеңсесінің жетекші экономисі Хулио Ревилла.

Оның айтуынша, микроэкономика саласында кейбір нарық көрсеткіштері жұмыс істеп жатыр.

«Елдегі нарықтардың тиімділігі өзге елдермен салыстырғанда жақсы жұмыс істеп тұр деп айтуға болмайды. Бұл көрсеткіштер реттелмейтін нәтиже емес. Мысалы, жақында Қазақстанда бизнесті енгізу бойынша өз көрсеткіштерін жақсартқан болатын. Бұл Дүниежүізілік банктің жыл сайын рейтінгі. Заңнамалық тұрғыда бизнесті енгізуге барлық мүмкіндік бар. Алайда, белгілі бір себептермен ол компаниялар өсіп жатқан жоқ. Қажетті көлемде ашылмай отыр. Бұл фактілік және шынайы экономика табыс деңгейіне сай болмай отырғанын көрсетеді», - деді Хулио Ревилла.

Ал Дүниежүзілік банкінің макроэкономика жөніндегі жаһандық тәжірибесінің жетекші экономисі Дженнифер Келлер рейтінгтердің барлығы соңғы жылдары Қазкақстандағы өнімділіктің төмендеуіне не себеп болғанына орай жасалғанын жеткізді.

«Қазақстанда дағдарыстан кейін даму нарықтарындағы өнімділіктің түсіп кетуінен зардап шегіп отыр. Өзге елдер де дағдарыстың салдарын тартты, алайда өнімділіктің күрт төмендеуі осы елде ерекше сезіліп отыр. Сондықтан да, өнімділікті арттырып, Қазақстандағы осы саланы арттырудың қозғаушы күші не екеніне көз жеткізу қажет. Елдегі өнімділікті арттырудың екі қралы бар. Олар, математикалық әдіс бойынша лезде өсетін ішкі секторларда жұмыс істеу керек, сондай-ақ, жұмыс тобының ауысуына қатысты елдердің мүмкіндігін ескерген жөн. Елдегі өнімділікті арттыру үшін жұмыс тобын тарту үлкен мүмкіндік болып отыр», - деді экономист.

Сарапшының пайымынша, Қазақстанда жеке сектордың қарқынын арттыру қажет. Болжамдарға қарағанда, өнімділік деңгейін көтермесе Қазақстан жан басына шаққандағы табыс деңгейінің тұрақты төмендеуіне ұшырайды.

Қазақстанға 2050 жылы әлемдік 30 экономиканың қатарына кіру мақсатына жетуі үшін ЖІӨ-нің 60 пайызынан асатын инвестиция қажет.

«Бизнес жүргізу рейтінгіндегі озық отыз елдің қатарына кіру үшін Қазақстанға өнімділікті арттыру бағытын ұстану аса маңызды. Қазір – өнімділікті арттыруға бүкіл күшті жұмылдырудың ең қолайлы сәті, бұл Қазақстан экономикасының өсуін жаңа белеске жеткізеді», - деді Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Френсис Ато Браун.

«Елдік экономикалық меморандум» — бұл Дүниежүзілік банкінің сараптамалық баяндамасы, онда елдің экономикалық даму нәтижелері, келешегі мен саяси күн тәртібі жан-жақты талданып, экономиканың негізгі секторларына арналған саяси реформалар көрсетілген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер