BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Қазақстандықтардың мамыр айындағы орташа жалақысы белгілі болды

Қазақстанда 2018 жылдың мамырында бір жұмысшының орташа жалақы көрсеткіші 154583 теңге болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Елімізде 2018 жылдың сәуірінде тұрғындардың ақшалай табысы 84597 теңге болды. Бұл 2017 жылдың сәуірімен салыстырғанда 5,4% жоғары. Ал, халықтың ақшалай табысы аталған уақытта аралығында 1% төмендеді

2018 жылдың мамырында жұмыссыздар саны 437 мың адам болды. Ал жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне шаққанда 4,9%-ті құрады.

2018 жылдың мамыр айының соңында жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 153,4 мың адам болды. Бұл жұмыс күшіне шаққанда 1,7% көрсетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер