BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қазақстандықтар көптеп салық төлей бастаған 

Қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджетке салық түсімдері 5,2 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі LSM.kz порталына сілтеме жасап.

2017 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы балама көрсеткішпен (4,5 трлн теңге) салыстырғанда төленген салық пен төлемдер сомасы 16% өсті.

Өсімдердің басым бөлігі Алматыда (1,2 трлн теңгеден астам), Атырау облысында (843,5 млрд теңге) және Астанада (690 млрд теңге) тіркелген.

Қарағанды облысы мемлекеттік бюджетке 282,2 млрд теңге, Ақтөбе – 258,6 млрд теңге, ал Маңғыстау облысы 256,3 млрд теңге төлеген.

Ал Алматы облысынан болған салық түсімдері - 248 млрд теңгені, ОҚО (ҚАЗІРГІ Шымкен және Түркістан облыстары) – 192,1 млрд теңгені, ШҚО – 199,3 млрд теңгені, БҚО – 187,8 млрд теңгені, Павлодар облысы -190,5 млрд теңгені құраған.

Ақмола облысы бюджет пайдасына 106,2 млрд теңге, Қостанай облысы 109 млрд теңге, Қызылорда облысы 92 млрд теңге, Жамбыл облысы 57,2 млрд теңге, СҚО 52,4 млрд теңге төлеген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер