BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Қазақстандық мұнай компаниялары сыртқы нарықта өз орнын тапты

Қазақстандық мұнай компаниялары сыртқы нарықта көзге түсіп, шетелдерден шақыртулар алып жатыр. Бұл туралы мұнай-газ жобаларының іске асырылуы бойынша өткен баспасөз маслихатында айтылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда қазақстандық нарықта «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Оперейтинг Компани» және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» ірі операторлардың ортақ бюджеті 45 млрд долларды құрайтын ауқымды мұнай-газ жобаларын іске асыруда. Елімізде шетелдіr инвесторлармен консорциумдар, бірлескен кәсіпорындарының құрылуы жергілікті компаниялардың дамуына үлкен мүмкіндік береді.

«Шетелдік компаниялармен бірігіп консорциум құру бағытын қолға алдық. Солардың ішіндt «Асар» консорциумы шетелдік төрт жобаның біреуін ұтып алды. Бұл Қазақстанның және отандық мұнай компанияларының жеңісі деп атауға болады. Және алдағы уақытта шетелдік компаниялармен бірігіп, «Мұра» консорциумын құру жоспарланып отыр», - деді Қазақстан мұнай-сервис компаниялар Одағының Төралқа Төрағасы Рашид Жақсылықов.

Қазіргі уақытта аталмыш үш ірі операторлардың Қазақстандағы мұнай-сервис нарығындағы үлесі 75%-ды құрайды. Зерттеушілердің пайымдауынша, келер уақытта аталған көрсеткіш біршама ұлғаяды. Осыған орай, Қазақстанның мұнай-сервис компанияларының Одағы әдеттегідей жергілікті кәсіпорындардың мүддесін қорғау мақсатында ақпараттық алаңға айналып отыр.

«LogicServices Kazakhstan» компаниясы австралиялық компаниямен бірігіп, Атырау қаласында құрылған. Сол уақыттан бері үлкен масштабтағы 4 жоба өзінің оң нәтижесін берген.

«Қарап отырсақ біздің қолымыздан 12 мың жұмысшы өткен, нәпақасын тапқан. Атырауда Теңіз, Қашаған жобалары көбіне шетелдік жұмысшылармен тәжірибе алмасып, әлемдік стандарттарға сәйкес жұмыс істеуде. Сондай-ақ, жуырда Қазақстанның сыртынан тағы 2 ірі жоба алдық. Оның бірі Грузия еліндегі Гардабани және Ахальцихе қалаларында. Сол жоба барысында біздің жұмысшылармен қатар, Түркия, Әзербайжан елінен келген азаматтар қатарласа жұмыс жасады. Сонда байқағаным біздің жұмысшылар жылдамдық, сапа жағынан әлдеқайда алда. Осыны көріп өзімізге деген сенім арта түсті», - деп атап өтті Серболат Шораев.

Сонымен қатар, қазақстандықтар Ресейдің Ямалда сұйытылған газ жобасына шақырылған. Алғашқыда 13 адаммен басталған топ, 350 адамға дейін жетті. Алғашқы газ алынып, Еуропа елдеріне жіберілді. Шетелдіктер біздің жұмыстан оң нәтиже көргендіктен адам саны артып келеді. Қазақстандық мұнай компаниялары сыртқы нарықта өз орнын тауып, алдағы уақытта Катар, Араб елдерінен шақырту алуды жоспарлап отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер