BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.75 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстанда пәтер саудасы жанданды

2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында тұрғын үйді сатып алу және сату келісімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4% ұлғайды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, 2018 жылдың сәуірінде үйді сатып алу-сату туралы 22 мың келісім жасалды. Бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 31,3% өскен.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы, Қарағанды және Ақтөбе облысы келісім жасау санынан көш бастады.

Бұдан басқа, 2018 жылдың сәуірінде инфляция 0,4% болды. Құрылыстағы баға 1%, көтерме сауда 0,1%, жүк тасымалдау 1,3% өсті. Ал өнеркәсіпте баға 0,1% және заңды тұлғаларға арналған байланыс қызметі 0,4% төмендеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер