BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің өндірісі артты

Фото: Atameken Business Channel

Елдің 13 өңірінде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі артқаны байқалады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі LSM.kz порталына сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрлігі хабарлағандай, 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы шикі мұнай, табиғи газ және металл кенін өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда артқан.

«Азық-түлік тағамдары, темекі өнімдері, мұнайды қайта өңдеу, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасс бұйымдар, металлургия және машина жасау өнімдерінің өндірісі артты. Алайда, негізгі фармацевтикалық өнімдердің өндірісі төмендеп отыр», - деді ведомствода.

Негізінен, қаңтар-тамыз айларындағы мұнай өндірісі 60 млн тоннаны (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 5,3%), мыс кендері – 68,2 млн тоннаны (өсім 4,6%), бензин – 2,5 млн тоннаны (өсім 14,9%), тазартылған мыс – 300 мың тоннаны (өсім 0,4%) құраған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер