BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі ұлғайды

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстан мүнай мен газ конденсатын өндіруді 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,7% көбейтті. Бұл жөнінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеген, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі LSM.kz порталына сілтеме жасап.

Ведомство басшысы атап өткендей, елдегі үш ірі жоба бойынша мұнай өндіру 35,8 млн тоннаны құраған. Соның ішінде, Қашағанда 8,4 млн тонна, Қарашығанақта 8,4 млн тонна және Теңізде 19 млн тонна өндірілген.

«2018 жылдың сегіз айында отын-энергетика кешенінің негізгі көрсеткіштері оң өсім көрсетіп тұр. Мұнай мен газ конденсатын өндіру шамамен 60 млн тоннаға жетіп, 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 5,3% артық болып отыр», - деді ол.

Сонымен қатар, Қазақстанның мұнай экспорты 2018 жылдың 8 айында 48,4 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың балама кезеңіндегі көрсеткіштен 5,2% жоғары. Мұнайды қайта өңдеу көлемі 10,43 млн тоннаға жетіп, 4% өсім көрсетсе, үш МӨЗ-дегі мұнай өнімдері өндірісінің көлемі 7,3 млн тонна болып, 2,8% өсімге жеткен.

«Жалпы, мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты және нарықта жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды. 10 қыркүйек күні мұнай базаларындағы ЖЖМ қалдығының көлемі ішкі нарықтағы қажеттілікті қанағаттандыру үшін жеткілікті», - деді Энергетика министрі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер