BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы жоқ – Қанат Бозымбаев

Үкімет отырысынан кейін ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елімізде халық ең көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бензин туралы мәселеге тоқталайын. Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы жоқ. Себебі, осы айда елімізде 250 мың тоннадан астам АИ-92 маркалы бензин өндіріледі. Сондай-ақ 100 мыңнан астам АИ-92 маркалы бензинді Ресейден импорттайтын боламыз. Сондықтан 2017 жылдың қараша айының соңына дейін бензин бағасын түзетуге мүмкіндік болады», - деді министр БАҚ өкілдеріне.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер