BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қазақстанда 6,4 трлн теңгенің өнімі өндірілді

Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі 5,3% өсті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.

Осы кезеңде 6,4 трлн теңгенің өнімі шығарылды.

Өндіріс көлемі Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында төмендеді.

Ал еліміздің 13 аймағында өндіріс ұлғайған.

Жамбыл облысында қант, фосфор, портландцемент өндірісі ұлғайып, өнеркәсіп өсімі 16,5%-ды құрады.

Атырау облысында шикі мұнайды өндіру көлемі артып, өнеркәсіп өндірісі 12,2% көбейді.

Солтүстік Қазақстан облысында тазартылмаған май, сүт және ұн өнімінің өндірісі ұлғайды. Жалпы өндіріс көлемі 5,9% артты.

Ақмола облысында ұн, алтын және роликті подшипниктердің өндірісі 5,1% өсті.

Алматыда күнбағыс майы, шай мен кофе және телевизиялық қабылдағыштарды өндіру көлемі 4,3% ұлғайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер