BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

«Қазақстан Темір жолы» IPO-ға 2025 жылы шығарылуы мүмкін

Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Республикалық тау-кен қазу және тау-металлургиялық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры, «Қазақстанның тауар өндірушілер және экспорттаушылары одағы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец «Қазақстан темір жолы» АҚ-ты 2025 жылға дейін IPO-ға шығаруды ұсынды.

«Ұлттық экономика министрлігі қазір «Қазақстан Темір Жолын» IPO-ға шығару мәселесін қарастырып жатыр. Біз мұның өсімнің мультипликаторы екенін және алдағы 1-2 жылда жоспарланып отырғанын білеміз. Бұл мәселені қарастыру мерзімін 2025 жылға дейін ауыстыруды сұраймыз. Себебі бұл біз үшін - маңызды жүйіне қалыптастыратын құрылым», - деді Радостовец.

Сағынтаев бұл мәселені ҚТЖ-ның жаңа басшылығымен бірге талқылайтынын жеткізді.

«Қазір ҚТЖ-ға жаңа басшы тағайындалды. Жүйелі басшы ұсыныс енгізеді, содан кейін талқылаймыз», - деді Үкімет басшысы.

Еске сала кетсек, осыған дейін ҚТЖ-ны 2019-2020 жылға дейін IPO-ға шығару жоспарланған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер