BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Қазақстанға ресейлік бензин кіргізілмейді

Фото: ашық дереккөзден

Ресейден Қазақстанға теміржол көлігімен жанармайдың кіргізілуіне конвенциялық тыйым 20 тамызда күшіне енеді. Бұл туралы энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр түсіндіріп кеткендей, ЕАЭО құру барысында мұнай өнімдерін ЕАЭО аясында саудадан алып тастау туралы шешім қабылданған. Жанармай бойынша сауданы екі жақты келесім аясында жүргізу керек деп жазылған болатын.

«Осы ретте Қазақстанда теміржол көлігі арқылы ЖЖМ кіргізілуіне тыйым салуға құқығы бар, сондықтанда біз оны қолданып отырмыз. Энергетика министрлігі Ресеймен бұл мәселені алдын ала талқылаған, олар үшін бұл жаңалық емес», - деп түсіндірді ол.

Ақшолақовтың айтуынша, сәйкесінше қаулы Әділет министрлігіне мақұлдау және тіркеу үшін жіберілген.

«Мен бұл 10 тамызға қарай болады деп күтіп отырмын. Мүмкін тіркеуден кейін шығады, егер соңғы ескертпелер жойылса, әрине. 10 күннен кейін өз күшіне енеді және екі елдің теміржолына алдын ала хабарландыру жіберіледі», - деп түйіндеді вице-министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер