BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Қазақстан Қытайға ет экспорттының көлемін арттырды

Фото: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ және «CITIC Construction Co., Ltd.» қытай компаниясы өзара тиімді серіктестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, аталған меморандумға 2018 жылдың 8 маусымында Бейжің қаласына Н. Назарбаевтың іссапары аясында қол қойылды.

Бұл құжат шегінде тараптар Қазақстаннан Қытайға ірі қара мал мен еттің экспортын ұйымдастыру туралы Инвестициялық бағдарламаны өзара жасасу және жүзеге асыру жөнінде серіктестікті дамытуды жоспарлайды.

Аталған бағдарлама келесі бағыттарды қамтиды:

- 2019 жылы 1 млрд. юань сомасына ет, жемдік астықпен және азық сату;

- 1,5 млн. га жер аумағында суару инфрақұрылымына инвестициялар салу;

- ҚХР-да қазақстандық ет брендін өзара жасау және жылжыту.

Атап айту керек аталған қазақстандық-қытайлық инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру туралы келісімге ағымдағы жылдың 17 мамырында ХІ Астана экономикалық форум аясында Қазақстан ет одағы және CITIC Construction арасындағы ұқсас меморандумға қол қою арқылы қол жеткізілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Маусым 2018, 10:35
ҚАҒАЗБАСТЫ ҚАЗАҚСТАН!
Пікірлер