BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 15-орында

Қазақстан Ұлттық Банкі әлемдік нарықта отандық құймалардың танымалдылығын арттыру мақсатында сатып алынатын тазартылған алтынның 4% шетелге сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Банк таратқан мәлімет бойынаша, 2018 жылдың басынан бері алтынның әлемдік биржалардағы баға белгіленімі шамамен 8%-ға түскен. АҚШ ФРЖ мөлшерлемелерінің өсуі және АҚШ экономикасы бойынша оң деректердің шығуы нәтижесінде АҚШ долларының нығаюы алтын бағасының төмендеуінің негізгі факторы болды.

Алайда бірқатар елдерге қарсы экономикалық санкциялардан және сауда шектеулерінен туындаған күрделі геосаяси жағдай нарықтың өзгермелілігін арттырып, инвесторлардың неғұрлым қауіпсіз активтерді іздестіруіне ықпал етті.

Экономикалық және саяси тұрақсыздық жағдайында валюта нарығында және бағалы қағаздар нарығында да құбылмалылықтан қорғаныш ретінде алтын мен бағалы металдардың рөлі артты. Орталық банктердегі алтын қоры ұзақ мерзімді перспективада сақталу, өтімді болу және кірісті болу сипатындағы сақтандыру активтері ретінде бағаланады.

Әлемдік орталық банктердің алтынның нақты көлемдерін арттыруды тездету процесі дағдарыстан кейінгі 2009 жылы басталды. Соңғы 5 жылда алтынмен жинақталған резервтер көптеген дамушы елдерде байқалады. Осы кезеңде алтынды неғұрлым белсенді сатып алушылар Ресей, Түркия, Қытай және Қазақстан орталық банктері екендігі анықталды.

Алтынның нақты көлемінің 2011 – 2017 жылдар аралығындағы өсу қарқыны бойынша неғұрлым белсенді сатып алушылардың арасында Қазақстан көшбасшы болып отыр. Алайда абсолюттік көрсеткіш бойынша осы кезеңде тазартылған алтынды Ресей (6 жылда +956 тонна) және Қытай (+789 тонна) барлығынан көп сатып алды, Қазақстан 2011 жылдан бері шамамен 219 тонна алтын сатып алған.

Орталық банктердің алтынмен көрсетілген активтерді сатып алу жөніндегі белсенді саясаты бірнеше себептерге байланысты.

Біріншіден, алтын елдің резервтерін әртараптандыруға себепші болады: алтын кірістілігінің валюта бағамдарының серпінімен, қор индекстерінің және МБҚ нарығының кірістілігімен онша байланыспайды. Осылайша, алтынмен көрсетілген активтер шетелдік валюталар мен бағалы қағаздарға балама бола алады, бұл ретте міндеттеме болып табылмайтындықтан, оның кредиттік тәуекелі нөлге тең.

Екіншіден, алтын нарығы, тауар нарықтарының (мысалы, мұнай сияқты) сипаттамаларына ие бола отырып, жеткілікті түрде өтімді болып табылады. Қажет болған жағдайда бұл актив ЕАВ-ға конвертациялануы мүмкін.

Үшіншіден, алтын хедждің инфляцияға қатысты сипаттамасын білдіреді. Бұл ретте егер мемлекеттік борыштық бағалы қағаздарға инвестициялау күтілетін инфляциядан қорғайтын болса, онда ұзақ мерзімді перспективада алтын сатып алу қабілетінің көзделмеген құлдырауынан (инфляцияның күрт өзгеруі) қорғайды.

Басқа себептердің ішінен басым құқық шеңберінде алтынды сатып алу отандық өндірісті дамытуға ықпал ететіндігін, алтын өндіру және қайта өңдеу өнеркәсіптерінің дамуына үлес қосатындығын атап өтуге болады.

Сондай-ақ алтынмен көрсетілген активтер әлем нарығындағы геосаяси тәуекелдерден, валюталардың және валюталық режимдердің өзгеруінен қорғайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі отандық өндірушілерден тазартылған алтынды сатып алуға берілген басым құқығын іске асырады. Алтынды сатып алудан туындайтын өтімділіктің ақша базасындағы үлесінің аздығына қарамастан, бұл елдің экономикалық белсенділігін ынталандыратын фактор болып табылады.

2018 жылдың басынан бері Қазақстан Ұлттық Банкі отандық өндірушілерден 33 тоннаға жуық тазартылған алтынды сатып алған.

Қазіргі кезде Қазақстан 2018 жылы Сауд Арабиясын басып озып, алтын қоры бойынша әлемде 15 орында тұр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер