BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Қарашадағы ең төмен күнкөріс деңгейі белгілі болды

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылғы қарашада ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 108 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қарашада 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 20,6%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,3%, жемістер мен көкөністерді – 8,2%, нан және жарма өнімдерін – 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,3%-ды құрады.

теңге

Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда

0-13 жастағы балалар

14-17 жастағы жасөспірімдер

18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық

Зейнет-керлер мен қарт адамдар

жас жігіттер

қыздар

ерлер

әйелдер

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы

26 108

21 083

33 021

25 305

31 003

24 617

24 476

Азық-түлік тауарлары

14 359

11 596

18 161

13 918

17 052

13 539

13 462

Азық-түлік емес тауарлар
мен көрсетілетін қызметтер

11 749

9 487

14 860

11 387

13 951

11 078

11 014

Әдіснамалық түсініктемелер

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер