BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Халықты көмірмен қамтуға ең алдымен жергілікті атқарушы органдар жауап береді – Бозымбаев

Фото: Satu.kz

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қазақстандықтарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі туралы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Былтыр қыста тұрмыстық көмір бағасы көтерілгенде Энергетика министрлігі барлық жауапкершілікті мойнына алды. Биыл көмір мәселесін Инвестициялар және даму министрлігіне бердік. Біріншіден, халық пен коммуналдық кәсіпорындарды көмірмен қамтамасыз етуге ең алдымен жергілікті атқарушы органдары жауап беруі тиіс», - деді министр.

Бозымбаев осы мәслеге қатысты облыс әкімі болған кездегі тәжірибесімен бөлісті.

«Мен екі өңірдің атқарушы органдарының басшысы болдым және қысқы маусымға дайындық туралы әр жиналысымда халық пен коммуналдық кәсіпорындарды, мектеп, аурухана секілді әлеуметтік объектілерді отынмен қамтамасыз ету мәселесін көтеретінмін. Әр ауданның әкімі осы мәселемен айналысып, соған сәйкес әрбір тонна есепте болды. Өңірлерде туындаған проблемаға бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдар жауап береді. Екіншіден, қажетті көмір көлемі елімізде бар, артығымен өндіріліп жатыр. (...) Үшінші, көмірді сату мәселесі жетілдіруді қажет етеді, бұл тағы да жергілікті атқарушы органдардың жұмысы. Аудандарда көмірді көтерме бағада өткізетін бір емес, бірнеше алаң болуы қажет. Сондай-ақ мұндай алаңдарда өзара бәсекелестік болуы үшін көмірді алатын бірнеше жеке және заңды тұлғалар болуы тиіс. Былтыр кейбір аймақтардағы аудан орталықтарында бірнеше алаңда бір ғана адам көмірді сатып алғаны белгілі болды. Мұндай адамдар көмірді 11-10 мыңға сатып алып, алаңнан 30 шақырым жерлерге 20-25 мыңға сатпақ болған», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер