BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Еліміздің 14 өңірінде өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі артты

Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,2% құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

2018 жылғы қаңтар-маусымда 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды.

Ал, тамақ өнімдері, темекі бұйымдары, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндіріс көлемдері өсті.

Сонымен бірге, көмір және лигниттің өндірісі қысқарды және негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру төмендеді.

2018 жылғы қаңтар-маусымдағы жекелеген өнім түрлерінің өндірісі

Өндірілгені

2017 жылғы
қаңтар-маусымға
пайызбен

мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн.тонна

45,2

106,2

мыс кендері, млн.тонна

50,0

103,6

ұн, млн.тонна

2,2

116,7

бензин, млн.тонна

1,8

111,7

газойльдер (дизельдік отын), млн.тонна

2,2

99,1

портландцемент, млн. тонна

4,6

108,5

жазық илек, млн. тонна

1,5

106,0

тазартылған мыс, млн. тонна

0,2

94,3

электр энергиясы, млрд.кВт.сағ.

54,8

107,4

Жалпы, өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер