BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Елімізде жылу бағасы қымбаттай ма? Бозымбаевтың жауабы

Фото: интернеттен

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда жылу энергетикасы тарифтері қымбаттауы мүмкін бе деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Солтүстік Қазақстан, әсіресе Павлодар облысында және Астанада ең төменгі жылу тарифтері. Павлодар облысы, Астананы Алматымен, Шымкентпен салыстырсақ 2-2,5 есе жоғары. Себебі ол жақ жылы, ал солтүстікте көмір дәл жаныңда болған соң тариф айтарлықтай төмен. Астанада тарифті көтеруге себеп көріп тұрған жоқпын. Жаңа әкімнің өзі мұнымен айналысар. Павлодар облысындағы Ақсу ауданында жаңа қазандықтың құрылысын аяқтау мәселесі бар. Аудандағы әбден тозығы жеткен қазандық тағы бір маусым шыдауы қажет. Келер жылы әкімдік республикалық бюджеттен бөлінген қаржының көмегімен жылу қазандығын аяқтап бітіруі тиіс». – деп жауап берді Бозымбаев журналистер сауалына.

Ол Солтүстік Қазақстан облысында да дәл осындай мәселе бар болуы мүмкін екенін айтты. Ал жылу тарифі көтеріле ме, жоқ па деген сауалға келесідей жауап берді.

«Тариф көтерілсе, эволюциялық жолмен түсінуге болатындай көтерілуі тиіс. Бұл сұрақ табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне қойылуы тиіс. Десе де біздің пікірімізше, иә, болуы мүмкін», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер