BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Елімізде кедейлік деңгейі төмендеген – Мәдина Әбілқасымова

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова елімізде кедейлік деңгейі 4,7%-ға дейін төмендегенін айтты.

«Әлеуметтік кепілдіктерді арттыру бойынша мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың нәтижесінде өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштері жақсарды. Қазақстанда кедейлік деңгейі 1996 жылғы 34,6%-дан 2018 жылғы 2-тоқсан қорытындысы бойынша 4,7%-ға қысқарды. Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 2001 жылдан бастап 2017 жыл аралығында 10,8 есеге өсіп, 83 053 теңгені (255 екі жүз елу бес АҚШ долларын) құрады. Бұдан басқа, халықтың табыстар бойынша теңсіздігі қысқарып келеді», - деді Әбілқасымова Мәжілісте өтіп жатқан «Атаулы әлеуметтік көмекті іске асыру барысы туралы» Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, осылайша, Қазақстанның әлеуметтік дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер абсолюттік, сол сияқты салыстырмалы мәнде жақсы динамиканы көрсетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер