BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 28622 теңгені құрады

Фото: sputniknews.kz

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылғы қазанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 28 620 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Сонымен, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қазанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,8%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 18,7%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14,6%, жемістер мен көкөністерді – 12,7%, нан және жарма өнімдерін – 6,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,1%-ды құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер