BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Электронды сауданы іске қосу арқылы 10 мың жұмыс орны ашылды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының кеңейтілген отырысына қатысты.

«Жаңа жылдан бастап жаңа Салық кодексі жұмыс істейтін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 89 мың шағын және орта бизнес өкілдеріне салық амнистия жасау шешімін қабылдады. Кеден алымдары процедураларының ашықтығын қамтамасыз ететін жаңа Кеден кодексі жұмыс істейді. Халықаралық сауданы дамыту мақсатында кедендік инфрақұрылымды жаңарттық. «Қарғоста» жаңа техника түрлерімен жабдықталған «Нұр жолы» автокөлік өткізу пунктін іске қостық. Кәсіпкерлік кодексіне жүйелі реформалар енгізілді», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр осыған дейін тексерістерді қысқарту қажеттігі бірнеше рет сөз болғанын, соңғы он жылдағы статистика бойынша тексерістер саны 76% қысқарғанын атап өтті.

«Бизнесті бақылау, қадағалау жүктемесі азайып жатыр. Осы жұмыстарды жүргізуде цифрландырудың үлкен қолдауы бар. Біз 60% астам қызметті электронды форматта көрсетеміз, оның 80% астамы Азаматтарға арналған үкімет аясында. «Атамекенмен» бірлесе Astana Hub-ты дамытуға жұмыс істейтін боламыз. Ол инновациялық экожүйе орталығына айналуы тиіс», - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ ол электронды сауданы дамытуға байланысты заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілегінін айтты.

«Нұрлан Нұрланұлы (Нығматулин – авт.) жыл басында, электронды сауданы іске қоспас бұрын ойлану керек еді деген болатын. Шешім қабылданды. Жұмыс жүріп жатыр. Артта қалмауымыз керек. Статистикадан көріп отырғанымыздай 10 мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып отыр. Сондай-ақ, қоғамда, Парламентте көлеңкелі секторды қысқарту туралы мәселе көтеріліп отыр. Бүгінде ЖІӨ 26% көлеңкеде, соның ішінде сауда секторында. Бүгінде палата осы саясатты жүргізуде бізді қолдап, салықтан қашатын кәсіпкерлерді қадағалау шараларын күшейтуі қажет», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
15 Желтоқсан 2018, 16:24
Түркістанда саябақ ашылды
Пікірлер