USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Бүгінде әл-ауқаты орта деңгейден жоғары мемлекеттердің ішіне кірдік - Н.Назарбаев

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Республикалық жастары форумы басталды. Форум жұмысын ашқан мемлекет басшысы еліміздің сан қиындықтардан мойымыз өтіп, осындай деңгейге жеткеніне тәубә деу керектігін айтты, дейді BAQ.kz тілшісі.

"Бүгінгі форумға еліміздің әр түкпірінен неше түрлі мамандықтың жастары жиналды. Бәріміздің қуанышымыз шексіз. Жас ұрпақтың қуаты - бұл Тәуелсіз Қазақстанның қуаты, болашағы деп санаймын. Тұңғыш Президент күні - қазақ қазақ болғалы, біз ел болғалы өз бетімізбен тұңғыш мемлекет басшымызды халық болып дербес сайлап алған күніміз. Сондай-ақ биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлағалы отыр. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, ата-бабамыздың шексіз арманы орындалғаны. Еліміз қиыншылықтың бәрін көтерді. Осы заманға аман-есен жетті. Қазақстанды дүниежүзінің картасына нық қойғанымыз, дәрежесін көтергеніміз. Бұрын Кеңес одағының бір бөлшегі едік. Сол бөлшектен ел жасау, жұрт жасау, оның барлық керекті рәміздерін бекіту, дүниежүзіне паш ету оңай болған жоқ. Аштықтың да, жалаңаштықтың да, жұмыссыздықтың да бәрінен өттік. Бүгін әл-ауқаты орта деңгейден жоғары мемлекеттердің ішіне кірдік. Оған тәубә деуіміз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Форумға еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт салаларының 1000-нан астас белсенді жастары қатысуда

Ұқсас сілтемелер:
03 Желтоқсан 2016, 22:23
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ...
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады