BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Азаматтар атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін арттыруды сұрады - министр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы одан әрі жетілдірілетінін айтты.

«Біз бір жерде тұрып қалмай, әдістемелік тәсілдерді одан әрі жетілдіріп, атаулы әлеуметтік көмекті басқаруды жақсарта береміз. Биыл жазда біз арнайы социологиялық зерттеу жүргіздік, оның мақсаты атаулы әлеуметтік көмек алушылардың осы көмектің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы пікірін білу болды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, атаулы әлеуметтік көмекті одан әрі жетілдіру жұмысы ең алдымен оның мөлшерін арттыруға бағытталуға тиіс. Респонденттердің 84% осылай есептейді. Сонымен қатар, респонденттердің шамамен 33% тұрғын үй жағдайын жақсарту қажеттігі, ал 30% көп балалы отбасылардың коммуналдық ақысын мемлекеттен жартылай немесе толық өтеу қажеттілігі туралы ойларын білдірді», - деді Әбілқасымова Мәжілісте өткен «Атаулы әлеуметтік көмекті іске асыру барысы туралы» Үкімет сағатында.

Ведомство басшысының айтуынша, осыған орай министрлік атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды пысықтауға көшті. Мәселен, ведомство атаулы әлеуметтік көмекке үміткер азаматтардың жан басына шаққандағы табысын есептеу тәртібін жетілдіруді жалғастырмақ.

Биылғы 1 қаңтардан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке ескі форматтағы аталы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы мен төрт және одан көп баласы бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы біріктірілген болатын.

Бұған дейін біз атаулы әлеуметтік көмек алушылардың көбі Түркістан облысында тұратынын хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер