USD 331.87 EUR 353.31 RUB 5.56
Астана:

Астанадағы ҚазАТУ Чехия агробизнес университетімен ынтымақтасатын болды

Астана. 6 қараша. Baq.kz – Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Чехия Республикасының делегациясы оқу мекемесінің ұжымымен кездесті.

Жүздесудің мақсаты - Болгария Республикасының агробизнес және аймақтық даму университетімен білім және ғылым саласында келісім-шартқа отырып, жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі ғылыми-педагогикалық мамандар даярлауда әріптестік орнату.

«С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті — ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны. Осынау университет 1957 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты ретінде құрылды. Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады. Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия т.б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік бестіктің қатарында. Бүгінде университетте 12 мыңға жуық студент білім алса, екі мыңға жуық жоғары білікті маман дәріс береді», деді ол өз сөзінде.

«Жуырда біз Дэвистегі Калифорния Университетінің арасында оқу орнымызды Назарбаев университеті үлгісіндегі аграрлық-зерттеу университетіне айналдыру туралы әріптестік келісімшартқа қол қойдық. Осы орайда баса айтып өтерім, Дэвистегі Калифорния университеті әлемдегі аграрлық саладағы жетекші оқу орны болып табылады, оның тәжірибесін озық университеттер үлгі тұтады, оның жетістіктері көптеген елдерде ауылшаруашылық саласы мамандарын дайындаудағы негізгі темірқазық болып отыр. Бүгінде біз аграрлық және техникалық ғылымдарды меңгерген әлемнің озық профессорларын әріптестік тәжірибе алмасуға тарта отырып, білім беру жұмысын ұйымдастыруды жаңа жолға қойып, жаңа бағытта дамытуға қол жеткіземіз деген ойдамын. Сол себепті Мендель атындағы университетпен әріптестік орнату арқасында екі елдің жастарын білікті маман етіп шығарамыз деп ойлаймын. Әрі екі ел арасындағы ынтамақтастық болашақата экономиканың дамуына тікелей әсер етері де сөзсіз», деді А.Күрішбаев.

Айта кетейік, отырыс соңында Ақылбек Күрішбаев пен Чехияның Брно қаласындағы Мендель университетінің ректоры Ладислав Гавел білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

 

Дана Сағынбек

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады