BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Айгүл Соловьева: Тиісті айыппұлдар экология пайдасына жұмсалмай келеді 

Фото: интернеттен

Қазақстанда экологиялық айыппұлдар елдегі экологиялық мәселелерді шешуге жұмсалмай отыр. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл Соловьева мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта төмен көміртекті дамудың стратегиялық бағдарламалары әзірленіп жатыр. Қалалардың төмен көміртекті стратегиялары қала шаруашылығы үшін көміртегі төмен жобалар портфелін дайындау арқылы дамытудың экологиялық үлгілерін құрастыруға мүмкіндік береді», - деді спикер.

Оның айтуынша, қауымдастық Қазақстанда жасыл экономиканы дамыту және елдегі кәсіпорындардың аталған салаға қарай бет бұруы үшін ауқымды іс-шараларды қолға алып келеді.

«2018 жылдың тамыз айында Қазақстан аймақтарының экологиялық тиімділігі және бизнестің экологиялық-энергетикалық жауапкершілігі рейтингін жасау жөнінде біздің қауымдастық, Халықаралық жасыл технологиялар орталығы және Интерфакс-ЭРА экологиялық-энергетикалық рейтинг агенттігі арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Рейтингтің алғашқы нәтижелері Бірінші экологиялық форум барысында белгілі болады. Аталған рейтингке қатысу кәсіпкерлерге өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әмбебап Экологиялық сапа белгісін пайдалануға мүмкіндік береді», - деп айтты Соловьева.

Қауымдастық басшысы Қазақстанда толықтырылып жатқан Экологиялық кодекс аталған саладағы бірқатар мәселенің оң шешілуіне себепші болмақ.

«Расында да, әкімдер шынымен де экологиялық жағдайға ықпал ете алмайды. Мұның барлығы заңнамаға тәуелді. Сондықтан да, Мемлекет басшысы Экологиялық кодекстің әзірленуі мен қабылдануына ерекше назар аударып отыр. Мойындау керек, біздің елде экологиялық айыппұлдарды жинап алғанымен, олар ешқандай да экологиялық мәселені шешуге жұмсалмай келген. Олардың жұмсалуын алып қарайтын болсақ, мысалы, Павлодар облысында мұндай төлемдер мен жиындардың 3% ғана экология пайдасына жұмсаған. Ал Қызылорда облысында 40% мақсатқа сай жұмсалған. Қазір дайындалып жатқан Кодекске сәйкес, экологиялық шығындарды басқа бағыттағы қандай да бір шараларға жұмсауға жол берілмейді", - деп түйіндеді маман.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер