BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.49
Астана:

70 мың астаналық шетелге шыға алмауы мүмкін

Салықты уақтылы төлемегені үшін әрбір оныншы қазақстандық ел аумағынан шыға алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, елордада салық пен айыппұлды төлемей отырған 70 мыңға тарта азамат бар.

«Астана қаласы Сарыарқа ауданының мемлекеттік кірістер басқармасымен 1000-ға тарта салық төлемеушілерге қатысты тыйым салу шарасы қолданылып, бұл жағдай белгіленген уақытта ел аумағынан ұшып кету жағдайларын тоқтатуға әкеп соқтырды», - делінген хабарламада.

Салық қызметі шетелге сапар алдында жайсыз жағдай болмас үшін азаматтар өзінің барлық қарызын қайта тексеріп, ҚР салық заңнамасының бұзылуына жол бермеуі керектігін ескертеді.

Салықты уақтылы төлемейтіндер арнайы мәліметтер базасында тіркелген. Ол туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (www.kgd.gov.kz) көруге болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер