BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Астанада «Н. Назарбаев және мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі» атты конференция өтті

Астана. 30 қаңтар. Baq.kz - Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессорлары Қазақстандағы мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі бүгінгі конференцияда сараптау баяндамаларын жасады. Олар мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат жүйесіндегі заманауи трендтерге сипаттама берді. 

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қауымдастырылған профессоры Рикардо Пелиццо «Тиімді басқару және есеп беру жүйелері» атты өз баяндамасында сатылай (азаматтық сайлаулар арқылы) және деңгейлес (билік тармақтарының өзара әрекеттесуі) сияқты дәстүрлі есеп беру жүйелерімен қатар, соңғы жылдары әлемде есеп берудің жаңа нысандары пайда болғанын атап өтті. «Әлеуметтік есеп беру міндеттілігі қоғамдық сұраныс арқылы айқындалады және төменнен жоғарыға қарай жүзеге асырылады. Диагоналдық есеп ебу міндеттілігі азаматтық қоғамның қабілетін арттыруға және қорғаушы функциясын орындауға бағытталған. Осы құрылымның барысында қоғам шенеуніктерге жауапкершілік шараларын қолдану өкілеттігіне ие болады», - деп атап өтті сарапшы. «Есеп беру жүйесінің негізгі идеясы есеп беру міндеттілігінің жүйелі сипатта болуында. Есеп берудің жүйелі болып табылу фактісінің өзі біздің жауапкершілігімізді арттырады», - деді доктор Рикардо Пелиццо.

Кез келген мемлекеттік реформа болашақтың дамуын инвестициялауы тиіс деп санайды Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің Деканы Хуэй Вэнг Тат. Ол ұзақ мерзімді перспективада қоғам үшін артықшылықтары бар және нәтижесінде таза әлеуметтік пайда алуға болатын реформаларға ден қоюға шақырды.

«Жоғары мемлекеттік саясат мектебі реформаларға өз үлесін қосуға дайын – біздің кәсіптік білім беру курстарымызға келіңіздер, зерттеулер мен консалтинг саласында бізбен ынтымақтастықта жұмыс істеңіздер», - деді доктор Вэнг Тат. Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мемлекеттік басқару мен мемлекеттік саясат саласында магистратура және докторантура бағдарламалары, сондай-ақ кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқыту ұсынады, деп хабарлады Декан. Сонымен қатар, Мектептің профессорлары түрлі қоғамдық маңызды бағыттар бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметті жаңғырту, қоғамдық қызмет көрсетудегі инновациялар, жемқорлыққа қарсы саясат, ұлттық бірегейлік, көші қон және еңбек мәселелері бойынша консультациялар мен зерттеулер жүргізеді.

28 қаңтар күні Астанада, Назарбаев Университетінде «Н. Назарбаев және мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі» тақырыбында конференция өтуде. Сондай-ақ Назарбаев Университетінің өкілдері «Мемлекеттік қызметте демократия, тиімділік, нәтижелілік және ашықтық қағидаттарын қалыптастыруды қамтамасыз еткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы» және «Мемлекет басшысының заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі институционалдық реформасы» аттың конференция екі секцияларының модераторы болып табылды.

Фото: altaynews.kz 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер