Жемқорлыққа қарсы қызмет бес айда 477 қылмыс әшкереледі - Қаржы|13 Маусым 2018, 16:12
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Жемқорлыққа қарсы қызмет бес айда 477 қылмыс әшкереледі

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілі Нұрлан Жақин сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 2018 жылдың 5 айындағы жұмыс нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2018 жылдың бес айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1418 қылмыстық бұзушылықтарды тіркеген, олардың 1014-і немесе 72%-і сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтар. 51%-і пара алу және 37%-і жымқыру фактілерін құрайды. Сонымен бірге жымқыру фактілерінің жалпы саны 13%-ке артқаны, аса ірі мөлшердегі қылмыстар 1,5 есе өскені байқалады. Бұл сыбайлас жемқорлықты күшейту және белсендіру салдары болып табылады», - деді Жақин.

Оның айтуынша, анықталған сыйақы сомасының көрсеткіші үш есеге өскен, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,1 млрд теңгеден 7 млрд теңгеге дейінгі соманы құрап отыр.

«Өтелу сомасы 1,7 млрд теңгеден 6,3 млрд теңгеге дейін 4 есеге өскен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 477 адамның қылмысын әшкереледі. Олардың ішінде республикалық деңгейдегі басшылар 13, облыстық 39, қала және аудан 71», - деді агенттік өкілі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер