BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Ұлттық қорға жарты жылда 1,3 трлн теңгеден астам қаржы түсті

Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық қорға 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 1,3 трлн теңгеден астам қаржы түсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда (1 трлн тенге) бұл көрсеткіш 31,6% артты.

Түсімдердің басым бөлігі Атырау облысына тиесілі - 687,4 млрд теңге. Екінші орында Батыс Қазақстан облысы - 272,7 млрд теңге және үздік үштікке Манғыстау облысы - 224,3 млрд теңгемен енді.

Бұдан басқа, Қызылорда облысы 87,6 млрд теңге салық жинаса, Ақтөбе олысы - 60,7 млрд теңге, Астана - 31,2 млрд теңге, Оңтүстік Қазақстан облысы - 3,9 млрд теңге, Алматы -3,3 млрд теңге аударды.

Өз кезегінде, Шығыс Қазақстан облысынан 2,7 млрд теңге, Ақтөбе облысынан - 100,6 млн теңге, Жамбыл облысынан - 7,8 млн теңге, Ақмола облысынан - 5,3 млн теңге түсті.

Қарағанды облысы Ұлттық қорға 4,2 млн теңге, Солтүстік Қазақстан облысы - 2,2 млн теңге, Павлодар облысы - 165 мың теңге аударды.

Ал, Қостанай облысынан төлемдер мүлдем түспеген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер