BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Ұлттық банктің алтын валюта қоры 31,4 млрд долларды құрады

Валюта нарығындағы жағдай тұрақты. Ұлттық валютаның айырбас бағамын анықтайтын іргелі факторлардың болашақ перспективасы қолайлы. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, қаңтар-ақпан айларында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 3,6% нығайып, бір доллар 320,30 теңгені құрады. Ақпан айының соңында Ұлттық Банктің алтын валюта резервтері 31,4 млрд доллар болды. Жыл басынан бері 2,2% өскен. Жыл аяғында Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 59,4 млрд долларға бағаланады. Халықаралық резервтердің жалпы көлемі 90,8 миллиард долларды құрады.

«Депозиттердің көлемі қаңтар айының соңында айына 2,2% төмендеп, 17,1 трлн теңге болды. Шетел валютасындағы ақша салымдары 6,9% төмендеді, теңгедегі салымдар 2,1% өсті. Нәтижесінде шетел валютасындағы ақша салымының үлесі 45,4%-ға дейін төмендеді. Ағымдағы жылдың қаңтарында жаңа несиелер көлемі 830 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылғы қаңтарға қарағанда 44% артық. 2018 жылдың қаңтар айының аяғында экономикаға берілген несиелердің жалпы көлемі 12,5 триллион теңге болды», - деді Данияр Ақышев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер