BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Ұлттық банк: өткен аптада теңге 1% әлсіреді

Фото: ашық дереккөзден

8 маусымдағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 1,0%-ға (330,78-ден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 334,02 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк хабарлағандай, сыртқы валюта нарығында 2018 жылғы 01 – 08 маусым аралығы кезеңінде АҚШ-тың Сауд Арабиясына және кейбір ОПЕК елдеріне мұнай өндіруді ұлғайту бойынша ұсынымдары туралы хабары, ЕОБ бас экономисінің сандық жұмсару (QE) бағдарламасын жедел жылжыту мүмкіндігі туралы түсініктемесі ең маңызды оқиғалар болды. Бұл факторлар әлемдік нарықта АҚШ доллары бағамының аздап әлсіреуіне әкелді.

Дамушы елдер[1] валюталары бағамдарының АҚШ долларына қатысты серпіні былайша қалыптасты:

Оңтүстік Африка ранды 2018 жылғы 1-тоқсандағы ІЖӨ бойынша әлсіз статистика аясында 3,0%-ға (12,69-дан 13,07-ге дейін) әлсіреді;

Мексика песосы АҚШ-тың НАФТА бойынша әріптес елдерден болат және алюминий импортына баж енгізуі аясында 1,8%-ға (19,94-тен 20,29-ға дейін) әлсіреді;

Үнді рупиясы 0,7%-ға (67,06-дан 67,51-ге) әлсіреді;

Индонезия рупиясы 0,3%-ға (13 896-дан 13 932-ге) әлсіреді;

Ресей рублі 0,2%-ға (62,22-дан 62,32-ге дейін) әлсіреді;

Бразилия реалы Бразилия Орталық банкінің (БОБ) басшысы баспасөз конференциясы шеңберінде инвесторларды тыныштандырып, БОБ нарыққа өтімділік ұсынуды жалғастыратындығын хабарлағаннан кейін 1,6%-ға (3,77-тен 3,71-ға) нығайды;

Түрік лирасы Түркияның Орталық банкі негізгі мөлшерлемені 125 базистік тармаққа арттырғаннан кейін 3,9%-ға (4,65-тен 4,47-ге дейін) нығайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер