BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

«Цеснабанкке» акционерлер тарапынан қосымша 40 млрд теңге құйылады

Фото: интернеттен

Акционерлер тарапынан құйылатын 40 млрд теңге аталмыш банктің қаржылық тұрақтылығын нығайта түседі, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Банктің жағдайы тұрақты. «Аграрийлердің банкі» аталып кеткен «Цеснабанк» көптен бері салалық мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыс істеп келеді. Банк 2013 жылдан бері сомасы 219 млрд теңгеден асатын жобаларды жүзеге асырған. Ол 65% үлеспен «Агробизнес 2020» бағдарламасын жүзеге асыруда екінші деңгейлі банктер арасында көш бастап тұр.

«Цеснабанк» сонымен бірге аграрийлерге қолғабыс етуде. Ол агроөнеркәсіптік кәсіпорындарға несие бойынша жүктемелерді мейлінше азайту үшін, несиелерді қайтару мерзімін пролонгация жасау сияқты шешімдерді қарастырып жатыр.

Айта кету керек, қосымша капитализация акционерлердің өз есебінен жүреді. Бұл сома «Цеснабанктің» жеке жарғылық капиталының 50% тең. «Цеснабанк» - корпорацияның 30 жылдық, ал өзінің 26 жылдық тарихында әлдеқашан сенімді серіктес әрі қаржы институты болғанын алға тартады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер