BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

«Цеснабанк»: желідегі көзқарас

«Цесна» АҚ жаңа басшы тағайындалғаннан кейін «Цеснабанк» төңірегінде пайда болған алып-қашпа әңгімелерге байланысты әлеуметтік желілерде экономика және саясат тақырыбында беделді қолданушылардың пікірлеріне Вaq.kz тілшісі қысқаша шолу жасады.

Естеріңізге сала кетсек, «Цеснабанк» акционерлері өз есебінен банктің жарғылық капиталына 40 млрд теңге құю туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл өз кезегінде банктің жағдайына байланысты түрлі болжамдарға түрткі болды.

Банк жүйесіндегі ахуалға байланысты жазбаларымен белгілі экономика шолушысы Денис Кривошеев сенімді дереккөздерден - Ұлттық Банктің ауылшаруашылық саласын қолдайтын қосымша шаралар пакетін жасап жатқанын біліп алғанын жазған. Ал «Цеснабанк» - ауылшаруашылық саласындағы ең ірі оператор. Мысалы, оның «Агробизнес 2020» бағдарламасы бойынша 65‰ үлесі бар. Ендеше Ұлттық Банктің қосымша шаралар пакеті «Цеснабанкке» оң әсерін тигізеді дейді сарапшы. Сарапшы аграрлық саланы экономиканың локомотиві ретінде көретінін айтады.

Ал белгілі саясаттанушы Айдос Сарым банк басшылығына Әділбек Жақсыбековтің оралуы оның тұрақтылығы мен сенімділігінің қосымша кепілі деп есептейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер