BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

«Цеснабанк» Ұлттық Банктің қысқа мерзімді қарызын өтеді

Фото: интернеттен

«Цеснабанк» АҚ 2018 жылдың тамыз айында өтімділіктің қосымша қорын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ұлттық Банкінен 150 млрд теңге қысқа мерзімді қарыз алған болатын, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған қарыз «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және ҚР ҰБ-ның нормативтік актілеріне сәйкес жұмылдырылды.

2018 жылдың 5 қыркүйегінде «Цеснабанк» АҚ қарызды 100 млрд теңге сомасында ішінара өтеді, қарыздың қалған бөлігі, соның ішінде сыйақы жақын арада өтеледі. Қысқа мерзімді қарызды өтеу Банктің меншік қаражаты есебінен жүргізілді.

«Цеснабанк» АҚ өтімді активтер көлемін иеленеді, тұрақты режимде жұмыс істейді, реттеушінің пруденциялық нормативтерін және өзге де талаптарын орындайды, сондай-ақ төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді толық көлемде жүзеге асырады.

Айта кетсек, бұған дейін «Цеснабанкке» акционерлер тарапынан қосымша 40 млрд теңге құйылғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер