BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Теңгенің нарықтағы бағамы 0,6% нығайды

Фото: Капитал

7 наурыздағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,6% (322,2 -ден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 320,19 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 3 наурыздан 9 наурыз аралығындағы маңызды оқиғалар Еуропа Орталық Банкі мен Жапония Банкінің ағымдағы ақша-кредит саясатын сақтау туралы шешімі, ЕОБ төрағасы Марио Драги мен Жапония президенті Харухико Куроданың монетарлық саясатқа қатысты баяндамалары, дамыған елдердің өкілдері мен халықаралық ұйымдардың АҚШ президенті Дональд Трамптың қолдау саясатына қатысты түсініктемелері, АҚШ халқының жұмыспен қамтылуы, жалақының және өндірістік сектордағы іскерлік белсенділіктің өсуі бойынша деректердің жария етілуі болды. Осы факторлар әлемдік нарықтарда АҚШ долларының біраз әлсіреуіне әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Индонезия рупиясы 0,3% (13 757-ден 13 797-ге дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы 0,3% (3,25-тен 3,26-ға дейін) әлсіреді;
  • Үндістан рупиясы бір апта ішінде айтарлықтай құбылмалылықсыз 65,17 деңгей шегінде саудаланды;
  • Түрік лирасы бір апта ішінде Moody’s рейтингтік агенттігінің елдің тәуелсіз кредиттік рейтингін Ва1–ден Ва2-ге дейін төмендетуіне қарамастан, 3,81 деңгейінде саудаланды;
  • Ресей рублі 0,2% (56,81-ден 56,67-ге дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка рэнді ІЖӨ-нің өсуі болжаммен 1,3% болғанда, 2017 жылы ІЖӨ-нің экономикалық өсуі бойынша деректердің жақсаруы аясында 0,9% (11,92-ден 11,81-ге дейін) нығайды;
  • Мексика песосы Мексикадан әкелінетін металл импортына болашақ баждардан ықтимал босату туралы ақпарат аясында 1,1% (18,82-ден 18,62-ге дейін) нығайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер