Теңгенің әлсіреуіне сыртқы факторлар әсер етті – Ақышев - Қаржы|14 Маусым 2018, 14:27
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Теңгенің әлсіреуіне сыртқы факторлар әсер етті – Ақышев

Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Сенатының отырысынан кейін кулуарда валюта нарығындағы жағдай мен теңге бағамының соңғы аптада өзгеруі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Екі жылдан бері бағам айналымы бойынша пікір білдіріп келемін. 2015 жылдың тамызынан бастап Қазақстанда ақша-кредит саясаты режимі өзгерді, яғни бізде инфляциялық таргеттеу енгізіліп, теңге еркін айналымға жіберілді. Теңге бағамы ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады. Соңғы уақытта әртүрлі факторлар болды. Ішкі факторлар мамырдан бері бар, үлкен салық аптасы, ұлттық валютаға деген жоғары сұраныс болды, соған сәйкес барлығы долларын сатты», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Ол сондай-ақ маусымда нарықта жағымсыз жағадай болғанын айта кетті.

«Дамушы нарықта ақшаның азаюы жүріп жатқанын көрдіңіздер. Ресей нарығында рубльдің құлдырауы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Федеральді резерв жүйесі мөлшерлемені көтеріп, соған сәйкес доллар активтеріне деген қызығушылық артуда. Сол себепті шағын экономикалы ел болсақ та әлемдік қаржы нарығы мен ағынында экономикамыз ашық. Теңге де осыған сай әрекет етеді. Қазақстандағы құбылмалы теңге бағамы механизмі осының көрінісі. Білуімше бүгінде валюта бағамы іс жүзінде өзгерген жоқ. Себебі нарық қатысушыларының сыртқы факторларға қатынасы бойынша жағымсыз күтілімі ерте бастан алмастырылды. Қатысушылар қандай да бір позицияны жабу үшін алдын ала сақтанған болуы керек. Бірақ қазір күткеніміздің барлығы дәл солай жүзеге асқаннан кейін және болжанған соң ешқандай тосынсый болған жоқ. Жағдай тұрақты деп ойлаймын», - деді Ақышев.

Ол теңге бағамының динамикасы қандай болатынын айта алмайтынын жеткізді.

«Сұраныс пен нарықтың ұсынысына қарай реттелетінін тағы да айтамын. Мамырда валюта нарығына қатыспадық. Теңге бағамы Ұлттық банктің қатысуынсыз қалыптасады», - деді Ақышев Сенат отырысынан кейін кулуарда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер