Теңге нығая түсті - Қаржы|11 Маусым 2018, 18:15
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Теңге нығая түсті

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясының қортындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы бір доллар үшін 333,85 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 47 900 мың АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 333,80 теңгені құрады. Осылайша доллар 0,22 теңгеге арзандады. Жалпы, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 67 750 мың доллар болды.

Естеріңізге сала кетейік, таңғы сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 333,68 теңгені құрады. Осылайша доллар 0,34 теңгеге арзандады. Жалпы, сауда-саттық көлемі – 19 850 мың долларды көрсетті.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан қор биржасында 11 және 12 маусымда Ресей Федерациясында (Ресей күні) мереке күні болғандықтан, RUBKZT_TOD құралдарымен сауда-саттық жүргізілген жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер