BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Таңғы сессия: Теңге бағамы нығая бастады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгілік сауда-саттық сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы бір доллар үшін 333,68 теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

KASE хабарлағандай, доллардың орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 333,68 теңгені құрады. Осылайша доллар 0,34 теңгеге арзандады. Жалпы, сауда-саттық көлемі – 19 850 мың долларды көрсетті.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан қор биржасында 11 және 12 маусымда Ресей Федерациясында (Ресей күні) мереке күні болғандықтан, RUBKZT_TOD құралдарымен сауда-саттық жүргізілген жоқ.

Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 18 мүшесі қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер