BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

S&P Қазақстанның тәуелсіз несиелік рейтингін растады

Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның «BBB-/A-3» деңгейіндегі «Тұрақты» болжамымен егемен кредиттік рейтингін растады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлар - ҚР Ұлттық қорының қосымша кірістерінің есебінен қалыптасқан оң баланстық көрсеткіштердің, сондай-ақ алдағы 4 жылда жиынтық көлемі Қазақстанның сыртқы өтімді активтерінен аспайтын төмен мемлекеттік борыштың болуы.

Сарапшылардың пікірінше, шығыстарды шектеу және айтарлықтай мемлекеттік кірістер 2018 жылы және одан кейінгі кезеңде бюджеттің теңгеріміне ықпал етеді. Бұған қоса, S&P сарапшыларының есептеулеріне сәйкес, 2021 жылға дейінгі кезеңде шоғырландырылған бюджетте кішігірім оң сальдо болжанады. Бұдан басқа, инфляция 2016 жылғы қос таңбалы көрсеткіштерден биылғы жылы ҚРҰБ-ның белгіленген дәлізі 5%-7%-ға төмендеуі белгіленеді.

Қазіргі уақытта сарапшылар 2021 жылға дейінгі кезеңде, жаңа салық кодексі жеңілдіктер мен артықшылықтар режимін оңтайландыру арқылы мемлекеттің табысын арттырып, теңсіздікті азайтуын күтуде.

Сарапшылардың бағалауынша, мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламалары 2018-2021 жылдардағы экономикалық өсу қарқынын қолдайды және орташа 3% құрайды.

«Тұрақты» болжамы сарапшылардың алдағы екі жылда мемлекет пен сыртқы бухгалтерлік баланс тұрақты болып қалатынын күтуін көрсетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер