BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

СІМ мен АХҚО арнайы келісімге қол қойды

Фото: Автор

Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов арнайы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Сыртқы істер министрлігінде «АХҚО-ны дамыту және ілгерілету бойынша жол картасын бекіту туралы бірлескен бұйрыққа қою рәсімі өтті.

«Маңызды уағдаластыққа қол жеткіздік. Күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің барлық мемлекеттік органдары мен компанияларына «Астана» халықаралық қаржы орталығының дамуына жәрдемдесуін тапсырды. Осы мақсатта жол картасы бекітілді. Енді халықаралық орталықты одан әрі дамыту жөніндегі өзара іс-қимылды бірігіп жүргіземіз», - деді Қайрат Әбдірахманов

Осы орайда Қайрат Келімбетов сыртқы істер министріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта атқарылар жұмыстың көп атап өтті.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қалыптасынуына сыртқы істер министрлігі көп көмек көрсетті және көрсетіп те жатыр. Сол үшін алғысымды білдеремін. Өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдау жариялады. Онда Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға АХҚО-ның қалыптасуына қолдау көрсетуді тапсырды. Халықаралық орталық осы аптада өз жұмысын бастайды. Сондықтан атқарылатын жұмыстың жоспарын сыртқы істер министрлігімен бірігіп бекіттік», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Желтоқсан 2018, 10:10
Мұхтар ШЕРІМ. МЕН ӘЛІ ҚЫЗБЫН...
Пікірлер